Қоғам

Жыл басынан 1414 сенім телефонына 135,5 мың өтініш келіп түскен

Биылғы қаңтар айының басынан бері 1414 ақысыз сенім телефонына, мессенджерлер және жылдам хабар алмасу қолданбаларына және ЖИ-мен жұмыс істейтін чат-боттарға телефон қоңыраулары арқылы 135,5 мыңға жуық өтініш келіп түсті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Күн сайын операторлар орта есеппен 13-14 мың өтініш қабылдайды. Олардың 7 мыңға жуығы салық реформасы, әлеуметтік төлемдер және тағы да басқа мәселелерге қатысты сұрақтар. Қажет болған жағдайда азаматтар мен бизнестің қоңыраулары мен хабарламалары жүйелік шешімдерді талдау және қабылдау үшін тиісті бөлімшелерге жіберіледі.

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің халыққа Жолдауында және Ұлттық құрылтайда алға қойған міндеттері аясында Электронды қаржы орталығының (ЭҚО) цифрлық инфрақұрылымымен және халық пен бизнеске салық реформасы туралы жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарымен танысты.