Қоғам

Тұрақтандыру қорының жұмысы тұрақты

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына қарасты әлеуметтік дүкендердің тұтынушыларына төмен бағада азық-түліктер ұсынылуда. 2025 жылы тұрақтандыру қоры тарапынан бағаны тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы бірқатар ірі сауда желілеріне тауарлық интервенциялар жүргізілді. Атап айтқанда, «Фиркан», «Дәмді себет», «Нұрислам», «Даниял даму», «Асмол», «Оптовик», сондай-ақ «Әлеуметтік дүкен» желілеріне, ұсақ дүкендерге жалпы сомасы 240 миллион теңгені құрайтын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жеткізілген.

Тұрақтандыру қоры есебінен «Әлеуметтік павильондар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы құны 88,4 миллион теңгені құрайтын тауарлық интервенция жүргізді. Сонымен қатар әлеуметтік павильондарда басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан төмендетілген бағамен сатылды.

Атап айтсақ, нан – 90, макорон (рожки) – 260, қарақұмық жармасы – 200, сары май – 1580, тауық еті – 1200, сүт – 325, айран – 375, сүзбе – 1420, пияз 85 теңгеден өткерілді. Жалпы алғанда, әлеуметтік павильондар жобасы өңір тұрғындарын қолжетімді бағамен сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отыр. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың басынан бері келесідей ӘМАТ бағаларының, атап айтқанда, күріш 428 теңгеден 366 теңгеге, картоп 191 теңгеден 165 теңгеге, қырыққабат 147 теңгеден 140 теңгеге төмендегені байқалды.

Сондай-ақ өткен жылы халықтың азықтүлікке деген сұранысын қанағаттандыру және бағаны тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге тұрақтандыру қоры тарапынан көкөністер арзандатылған бағамен шығарылды. Атап айтқанда, 54 тонна картоп, 33 тонна пияз, 17 тонна сәбіз, 5 тонна қырыққабат өткерілді.

 

Назым ЕРГЕМБАЙ

«Тараз» ӘКК» АҚ өңірлік тұрақтандыру қорын басқару департаментінің жетекші маманы.