Жобаның 2 жеңімпазы 5 миллион теңгелік грантқа ие болды
Елімізде шағын және орта кәсіпкерлердің құқығы заңмен толық қорғалған. Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айдар Абдықадыровтың айтуынша, бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау бойынша облыстық кәсіпкерлер палатасына шағын және орта кәсіпкерлерден өткен жылы 110 өтініш түскен. Ол өтініштің 68-і (61,8 пайыз) оң шешімін тапқан. Ал 2024 жылмен салыстырғанда шешілген мәселелер саны 46 өтінішке немесе 32,3 пайызға артқан. Жалпы палатаға түскен, шешімін тапқан өтініштердің 33-і жер қатынастарына, 22-і білім беру саласына, 13-і мемлекеттік сатып алуларға тиесілі. Қорғалған мүліктік құқықтардың жалпы сомасы 878 миллион теңгені құраған.