Ұлттық құрылтайдың отырысы Сыр бойында өтеді
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram желісіндегі арнасында биыл Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылорда қаласында өтетінін мәлімдеді.
«Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады», – делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 2022 жылы Ұлытауда өткен еді. Ал 2023 жылы Түркістанда болды. 2024 жылы – Атырауда, былтыр Бурабайда өтті.
Aq jol-Aqparat