Қоғам

Жаңашыл директор жүлдегер атанды

Жақында Алматы қаласынан қуанышты хабар жетті. Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауында әр қала мен облыстардан жиналған 34 мектеп директорының арасынан Тараз қаласындағы №66 орта мектебінің директоры Фарида Шортанбекова жүлделі үшінші орын иеленіпті. Бұл жаңалыққа елеңдеп қалдық. Тараздық мектеп басшысын үздік үштіктің қатарына жеткізген қандай нәтиже? Біз бәсі биік байқаудың жүлдегерімен жүздескенше асықтық.

Ашылғанына бар болғаны бір жылдан енді асса да, білім ордасы – мақтаулы мектептердің санатында. Бүгінгі таңда 2012 оқушыға 130 педагог білім береді. Оның ішінде 7 шебер, 32 зерттеуші, 22 сарапшы, 35 модератор, 5 Ыбырай Алтынс арин төс белгісін иеленген, 1 «Үздік педагог» байқауында жеңімпаз болған үздік ұстаздар бар. Бұл әрине білім сапасының жақсаруына ықпал етеді. Мектеп ұстаздары «Жайлы орта құру арқылы білім беру кеңістігін кеңейте отырып, білімді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті, көптілді және рухани бай, салауатты зияткер тұлғаның дамуына ықпал ету» тақырыбында білім берудің инновациялық әдістерін енгізіп, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде.

Білім ошағында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың бойына отаншылдық сезімді, ұлттық рухты оятуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың жеткен жетістіктері де аз емес. «Зерде» ре спубликалық зерттеу жобалары байқауының ре спубликалық ке зеңінен Әділжан Айдархан жүлделі үшінші орынмен оралса, «Мен зерттеушімін» экологиялық байқауында 6-сынып оқушысы Айша Әбдіғұл облыстық кезеңде жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алған. Астана қаласында өткен «INFORMATRIX – ASIA2025» халықаралық компьютер жобасында 8-сынып оқушысы Ерсұлтан Тұрар жүлделі бірінші орынды иеленген.

Бұл ретте Ерсұлтанның жетекші ұстазы Динара Қарымсақованың ерекше ізденісін айта кеткеніміз жөн. Мұғалімдері ізденімпаз, оқушылары жаңашыл мектептің директоры да осал емес. Себебі сол ұстаздар мен оқушыларды алға жетелеп, ізденісті талап етіп, нәтиже беретін түрлі салаға бағыттап отырған тұлға – директор. Нақтырақ айтқанда, мектептің жетістігі – директормен, директордың жетістігі–мектеппен байланысты. Ол туралы мектеп директоры, «Құрмет» орденінің иегері, республикалық байқаудың жүлдегері Фарида Советбекқызы былай түсіндірді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы