Қоғам

Тамыры терең ағаш дауылға құламайды

Қазақ қоғамы бүгін үлкен бір өткелден өтіп жатыр. Бір жағында – ата-бабадан жеткен қазақы құндылық, екінші жағында – жылдамдыққа, табысқа, технологияға құрылған заманауи өмір. Осы екі әлемнің ортасында бүгінгі адам, әсіресе жас ұрпақ тұр. Кім болу керек? Қандай өмір сүру керек? Қай бағыт дұрыс? Бұл сұрақтар қазіргі уақытта бұрынғыдан да өткір.

Қазақ халқы ежелден «Ұят болады», «Обал болады», «Кісі ақысы – Тәңір ақысы» деген үш тағанмен өмір сүрді. Бұл жай ғана сөз емес, тұтас қоғамды тәртіпте ұстап тұрған моральдық заң еді. Адам баласы бай болмаса да, арлы, қарапайым, елге пайдалы болуға ұмтылды. Ал бүгінгі заман «кім жылдам, сол мықты», «кім бай, сол табысты» деген өлшемді алға шығарып отыр. Психолог Мира Өскембаева бұл құбылысты былай түсіндіреді:

Оның айтуынша, қазақы тәрбие–адамның ішкі тұрақтылығын сақтайтын қуатты күш. Үлкенді сыйлау, сабыр сақтау, жауапкершілік – бұл тек дәстүр емес, психологиялық денсаулықтың негізі. Алайда өмір өзгерді. Бұрын бір әулет бір ауылда өмір сүрсе, бүгін бір отбасының өзі әр қалада, әр елде жүруі мүмкін. Жастар шетелге оқуға, жұмыс істеуге кетеді. Бұл табиғи құбылыс. Бірақ сол жолда олар өз тамырынан ажырап қалмауы керек. Көпті көрген еңбек ардагері, сексеннің сеңгірігіне шыққан Жасанбай Түлкібаев бұл туралы былай дейді:

Ұлы ойшыл адамды бай болуға емес, толық адам болуға шақырды. Ал толық адам дегеніміз – ар-ұяты бар, әділетті, сабырлы, елге пайдалы тұлға. Бұл қасиеттердің бәрі қазақы дүниетанымда бұрыннан бар. Бірақ бүгін біз оларды заман талабына бейімдеп сақтай білуіміз керек.

Бұл тек шежіре емес, бұл – өзін тану. Өзін таныған адам ғана өзгеге еліктеп жоғалмайды. Заманауи өмірден қашу мүмкін емес, бірақ оған ұлттық болмысты жоғалтпай енген абзал. Қорыта айтқанда, қазақы құндылық пен заманауи өмір – бір-біріне қарсы емес.

Егер біз ұлттық тәрбиені сақтап, оны бүгінгі біліммен, технологиямен ұштастыра алсақ, онда ұтылмаймыз. Ұтылатын тек тамырынан ажыраған, кім екенін ұмытқан қоғам. Қазақтың даналығы мен бүгінгі білім біріккенде ғана мықты ұрпақ қалыптасады.

«Тамыры терең ағаш қана дауылға құламайды», – дейді халық. Біздің тамырымыз – қазақы құндылық. Сол тамырды сақтасақ, қандай заман келсе де, сүрінбей өтеміз.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ