Ұстаздың еңбегі бір күнмен өлшенбейді
«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» деген дана халқымыз. Ал сол білімнің шырағын жағатын, қараңғылықты сейілтетін – ұстаз. Ұстаз – бір ғана мамандықтың атауы емес, ол ұлттың болашағын қалыптастыратын қасиетті міндет. Қай заманда да елдің еңсесі биік, рухы мықты болуы ең алдымен ұстаздың еңбегіне байланысты.