Денсаулық

ЖИ дәрігердің сенімді көмекшісіне айналды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты – еліміздің одан әрі дамуы жөніндегі стратегиялық көріністі көрсететін маңызды бағдарламалық құжат. Сұхбатта, әсіресе цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу және деректерді тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген, бұл қазіргі әлемдік үрдістер мен Қазақстанның ұлттық басымдықтарына толық сәйкес келеді.

Денсаулық сақтау саласы үшін Президент белгілеген бағыттар принциптік маңызға ие. Мемлекет басшысы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мемлекеттік басқару мен әлеуметтік саланың сапасын арттырудың негізгі құралына айналғанын атап өтті. Денсаулық сақтау саласында бұл медициналық көмек көрсету реактивтік моделінен проактивтік, профилактикалық медицинаға көшу дегенді білдіреді. Бұл – ауруларды ерте анықтау, тәуекелдерді болжау және клиникалық шешімдерді қолдау негізінде жүзеге асады. Облыста осы басымдықтар іс жүзінде жүзеге асырылуда.

2025 жылы өңірде цифрологиялары белсе ді енгізіліп, әсіресе ауылдық және шалғай елді мекен тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы артты. Елеулі жетістіктердің бірі – 33 медициналық ұйымның біріккен телерадиологиялық жүйеге қосылуы. Бұл жоғары дәлдіктегі  диагностикаға қашықтан қолжетімділікті қамтамасыз етіп, диагноз қою мерзімін қысқартуға және профильді мамандардың кеңестері арқылы дәрігерлік қорытындылардың объективтілігін арттыруға мүмкіндік берді. Жасанды интеллектін ің әлеуметтік маңызды ауруларды ерте анықтау саласында қолданылуына ерекше назар аударылуда.

Қазіргі таңда ЖИ шешімдері қатерлі ісік, соның ішінде сүт безі мен өкпе обырын анықтауға пайдаланылады. Мұндай техн-згерістерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, бұл емдеудің тиімділігін арттырады, өлім-жітімді азайтады және науқастардың өмір сүру көрсеткішін жақсартады.

Президент  Сұхбатында жаңа технологиялық дәуірде деректер стратегиялық ресурсқа айналатынын атап өтті. Облыстың денсаулық сақтау саласы үшін бұл медициналық ақпараттық жүйелерді дамыту, деректердің сапасы мен толықтығын арттыру, сонымен қатар аналитика, болжам жасау және жоспарлау үшін пайдалану дегенді білдіреді. Цифрлық құралдар мен жасанды интеллект дәрігерлерге сенімді көмекші болып, медициналық персоналдың жүктемесін азайтып, олардың тиімділігін арттырады, алайда маманның негізгі рөлі мен клиникалық ойлауы шешуші болып қала береді. 2026 жыл дект жылы деп жариялау өңірлік денсаулық сақтау органдарының «ақылды» технологияларды одан әрі енгізу, кадрларды дайындау және медициналық ұйымдарда цифрлық мәдениетті қалыптастыру жауапкершілігін едәуір күшейтеді.

Айта кету керек, саладағы цифрлық трансформация кешенді жүзеге асып, материалдық-техникалық базаны жаңғыртумен бірге жүруде. Өңірде 383 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы жүзеге асырылуда, медициналық жабдық пен санитарлық автокөліктер жаңартылуда. Мұндай жүйелі тәсіл цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект әлеуетін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы белгілеген ұстаным өңірлік деңгейде заманауи, технологиялық және науқасқа бағдарланған денсаулық сақтау жүйесін қалыптастырады.

Бұл жүйеде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолданудағы басты мақсат – халықтың денсаулығын сақтау, азаматтардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыру, сондай-ақ қоғамның медициналық салаға сенімін нығайту. Сержан НАЗАРБЕК, облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

 

 

Сержан НАЗАРБЕК

облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы.