Түлектердің 20 пайызы жауапты қызметтер атқарып жүр
Елімізде мемлекеттік қызмешілердің кадрлық резервін қалыптастыру басым бағыттардың бірі саналады. Бұл бағытта ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан еліміздің кадрлық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Ал өткен жылдан бастап аймақтарда өңірлік кадр резерві қалыптаса бастағаны белгілі. Облысымызға жұмыс сапары аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Жолманов аймақтық академия филиалының түлектерімен кездесті.
Келелі кездесуде облыстық филиалдың 2006 жылдан бастап аймақтың кадрлық саясатын білікті мамандармен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отырғанын атап өткен облыс әкімдігі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев филиал жұмысына тоқт алып өтті. Аппарат басшысының сөзінше, өткен жылы облысымыздан аталған академияны 61 түлек тәмамдаса, бүгінгі таңда олардың 30-ы өңірде мемлекеттік қызметте табысты еңбек етуде.
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы аймақтың мемлекеттік қызмет жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды даярлауда маңызды рөл атқарып отырғандығын атап өткен Лесбек Құралбайұлы академия түлектері өңірдің әлеуметтікэкономикалық дамуына, басқару сапасын арттыруға және мемлекеттік аппараттың тиімділігін нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқандығын тілге тиек етіп өтті. Сондайақ Академия ректоры Азамат Жолманов соңғы жылдары мемлекет тарапынан аталған бағытта қолдаудың арта түскенін, мемлекеттік қызмет саласында заңнамалық процестердің оңтайлы жүзеге асуы нәтижесінде жастарға мол мүмкіндіктердің қалыптасқанын жеткізді.
Жиын барысында жас мемлекеттік қызметшілер академия ректорымен еркін форматт а сұхбат құрып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Кезде су соңында академияның өз түлектерін ұдайы қолдауға дайын екендігін жеткізген Азамат Жолманов жастарға қызметте табысты болуына тілек білдірді.
Нұрболат АМАНБЕК