«Заң мен тәртіп»: нашақорлыққа қарсы күрес
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен және Жамбыл облысы Полиция департаментімен бірлесе отырып «Заң мен тәртіп» жобасы аясында есірткі қылмысының алдын алу мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Аталған шара барысында облыс аумағындағы көпқабатты үйлердің, аялдамалар мен қоғамдық орындардың қабырғаларына заңсыз түрде жазылған есірткі заттарын жарнамалайтын граффити жазбалар мен беймәлім әлеуметтік желі сілтемелері анықталып, өшірілді.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, заңсыз жарнама көздерін жою және қауіпсіз қоғамдық орта құру. Бұл бағытта жастар мен еріктілер белсенділік танытып, аймақтың әр бөлігінде тазарту жұмыстарына атсалысты.
«Есірткісіз – жарқын болашақ!» ұранымен өткен бұл іс-шара – қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолындағы нақты қадам.