Қоғам

Жұмыстар жоспарлы түрде жүреді

Қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға сәйкес қоғамдық кеңестердің негізгі мақсаты – азаматтық қоғамның қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікірін білдіру.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Қоғамдық кеңес консультативтік-кеңесші және алқалы орган. Шешімдер келісу арқылы және оның әрбір мүшесінің ұстанымын ескере отырып қабылданады.

Заңнамада белгілі бір аймақтың немесе тиісті саланың аса сезімтал мәселелерін қарауға бағытталған Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері бекітілген. Өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында қоғамдық кеңестердің мүшелеріне белгілі бір құқықтар берілген және «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 7-бабында бекітілген міндеттерді атқарады.

Қоғамдық кеңес мүшесінің негізгі міндеттерінің бірі:

– жылына кемінде екі рет кезеңділікпен бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы Қоғамдық кеңестің қызметі туралы халықты хабардар ету;

– бұқаралық ақпарат құралдарына және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, квазимемлекеттік сектор субьектісінің интернет-ресурсында өз қызметі туралы жылдық есепті жариялау және орналастыру.

Қоғамдық кеңестің түпкілікті нәтижесі оның барлық мүшелерінің үйлесімді жұмысына тікелей байланысты. Қоғамдық кеңес жұмысының тиімділігі жүктелген өкілеттіктерді орындау кезінде Қоғамдық кеңес мүшесінің енгізген жеке үлесінен тұрады. Бүгінгі таңда облыста 12 Қоғамдық кеңес жұмыс істейді, олардың қатарында 200-ге жуық мүше бар.

Облыстық Қоғамдық Кеңесінің жаңа 4-ші құрамының 31 мүшесі қызмет бағыттары бойынша 4 комиссияға бөлініп, бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар атқарды. Жаңа құрамның әлеуетін және халық арасында танылу деңгейін арттыру мақсатында, Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық кеңестердің қызметін бағалау әдістемесін әзірледі. Қоғамдық кеңес мүшесінің қызметін бағалау Қоғамдық кеңес мүшесінің сандық және сапалық көрсеткіштерін қолдана отырып дайындалған оның қызметі туралы жарты жылдық және жыл сайынғы есебі негізінде жүргізіледі.

Қоғамдық кеңес мүшесінің қызметі әдістемеге сәйкес 7-негізгі бағыт бойынша бағаланды. Атап айтқанда, ұйымдастырушылық көрсеткіш, Қоғамдық кеңес мүшесінің Қоғамдық кеңестің тұрақты және уақытша жұмыс органдарының жұмысына қатысуы, мемлекеттік органдармен жұмыс, Қоғамдық кеңес мүшесінің ҮЕҰ және азаматтармен жұмысы, ашықтық және жариялылық, Қоғамдық кеңес мүшесінің мінезқұлық этикасы, мониторинг және есеп беру жүйесі критерийлері негізінде 2025 жылы 8 айда 4 комиссия мүшелерінің атқарған жұмыстарының қорытындысы (КРІ) кеңес отырысында жарияланды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің КРІ көрсеткіштерін талдау 5 бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың деңгейі жоғары, ал ашықтық және жариялылық, азаматтармен жұмыс бағыттары бойынша кеңестің жұмысын күшейту қажет екендігін көрсетеді.

Жаңа 2026 жылдан бастап қызмет атқаратын 6 комиссияның кеңес мүшелері жоспарлы жұмыстар жүргізетін болады.

 

Арқабек ТӨЛЕБАЕВ

облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, комиссия төрағасы.