Облыстық мәслихат депутаттарының назарына!
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, отызыншы сессиясы 2026 жылдың 13 қаңтар күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (6-қабат) сағат 16:00-де келесі күн тәртібімен өтеді:
1. «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №29-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының мамандандырылған әскери мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімін беру жөніндегі ұсынысты Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы.
* * *
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (6-қабат) 2026 жылдың 13 қаңтарында сағат 15:00-де өтеді.
* * *
Депутаттарды тіркеу 2026 жылдың 13 қаңтар күні сағат 15:30-да басталады.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, отызыншы сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Облыстық мәслихаттың төрағасы А. НҰРАЛИЕВ