Бүгін – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні
Бүгін – қазақ халқының толағай тұлғасы, мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың (1912-1993) туған күні.
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында дүниеге келген. Қазақстан ҒА академигі (1952), техникалық ғылымдардың докторы (1969), үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972,1976,1982). Дінмұхамед Қонаевтың әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыс істеген. Өте сауатты адам болған. Анасы Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
Дінмұхамед Қонаев 1993 жылы тамыз айында 82-ге қараған шағында өмірден өтті.
Айта кетейі, бүгін Тараз қаласында орналасқан алып тұлғаның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Іс-шара сағат 11:00-ге жоспарланған.