Бокстан Қазақстан ерлер құрамасында ауыс-түйіс орын алды
Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкері болып Нұржан Насанов тағайындалды. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов өзінің instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Ол 1975 жылы туған, жаттықтырушы мансабын 2016 жылы бастаған. 2024 жылдың тамызынан бері Ұлттық құрамада жұмыс істеп, екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайды және басқа да боксшыларды тәрбиелеген.
Бұған дейін Сәтжанов Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылдың тамызынан Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы болды. Оның жетекшілігімен ерлер командасы халықаралық ареналарда табысқа жетіп, әлем чемпионатында жүлде алды. 35 жылдан астам тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты қызметтен кетті. Бас баспкерге бүгін федерация иығына шапан жауып, көлік пен пәтір кілтін табыстады.
Айта кетейік, бір жылда тәжірибелі маман Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен 7 қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағына қол жеткізді.