Жамбыл облысында бұқаралық іс-шаралардағы қоғамдық қауіпсіздік күшейтілуде
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастамасымен мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар кезінде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері талқыланған кеңес өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Жиынға облыс және қала әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ жеке күзет ұйымдарының басшылары қатысты. Кеңес барысында бұқаралық іс-шараларда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жеке күзет құрылымдарын тарту тетіктері және барлық жауапты органдардың өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелері қаралды.
ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Серік Әлдібеков қауіпсіздік саласындағы бірлескен жұмысты күшейту азаматтардың қорғалу деңгейін арттыратынын атап өтті.
Сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы күзет қызметін ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар түсіндіріліп, қауіпсіздіктің жаңа стандарттарын сақтау, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауда маңызды екені айтылды.