Жамбыл облысында жазасын өтеуші азаматтарға мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі (қоныс колониясы) жазасын өтеуші азаматтар мерекелік іс-шара өткізді.
Мекеме әкімшілігінің қолдауымен өткен шара барысында арнайы контингент өкілдері концерттік бағдарлама аясында өз өнерлерін ортаға салды. Бұл күні сотты болған азаматтар жаңа жылдық қойылым қойып, бір-бірін мерекемен құттықтады. Өз кезегінде аталған шара оларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.

Өз кезегінде жазасын өтеуші азаматтар жаңа жыл қарсаңында көрсетілген дәл мұндай қолдау болашаққа деген сенімді арттыратынын айтып, өңірлік департамент басшылығына алғыстарын білдірді.