Жаңалықтар

Тоқаев биыл 252 сағат уақытын ұшақта өткізген

Мемлекет басшысы биыл бір жыл ішінде өңірлерге және шет мемлекеттерге жасаған сапары барысында 168 960 шақырым жол жүріп, 252 сағат уақытын ұшақта өткізді. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы және көмекшісі Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Сондай-ақ, 2025 жылы шет мемлекеттердің басшылары Қазақстанға 30 рет cапармен келген. Олардың арасында ҚХР, Италия (екі рет), Грузия, Өзбекстан, Словения, Вьетнам, БАӘ, Руанда, Солтүстік Македония, Болгария, Словакия, Иордания, Конго Демократиялық Республикасы, Мьянма, Мажарстан, Әзербайжан, Финляндия, Эстония, Армения,Түрікменстан, Швейцария және Иран елдерінің мемлекет және үкімет басшылары бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзге де президенттермен 43 мәрте телефон арқылы сөйлесіп, бұдан бөлек, 4 ресми рәсім барысында 30 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдаған.