Қоғам

Шаңырақтан шаттық кетпесін!

Биыл біздің театрымыз үшін аса табысты жыл болды. Театрымыздың 90, аңыз атамыз Асқар Тоқпановтың 115 жылдығы жоғары деңгейде тойланды.

Театрымызға «Академиялық театр» атағы берілді. Жеке басыма келсем, республикалық «Еңлік гүл» театр байқауына қатысып, дипломант атандым. Алдағы уақытта осы байқаудың жеңімпазы болуға да күш саламын. Алда жылқы жылы келе жатыр. Жылқы – жеті қазынаның бірі. Өте қасиетті жануар. Сондықтан келе жатқан жыл жақсылықтар мен сәттіліктерге толы боларына өте сенімдімін. Жаңа жыл мерекесімен барша оқырмандарды, өнерпаздарды құттықтағым келеді. Әр шаңырақтан шаттық пен қуаныш кетпесін. Ақсақал аталарымыздан өсиет, ақ жаулықты әжелерден қасиет кетпесін. Жақсылыққа, қуанышты сәттерге толы, ерекше жайлы жыл болғай!

Мәмбет ҚОЖАГЕЛДИЕВ,

Асқар Тоқпанов атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының актері, республикалық «Еңлік гүл» театр байқауының дипломанты