Әр жыл бағалы
Спортшы үшін әр жыл, әр кезең бағалы. Себебі, спортшының мүмкіндігін көрсетуге арналған жылдар шектеулі.
Биыл қазақ күресінен Әлем чемпионы атанғаныма өте қуаныштымын. Күрес түрі біздің елдікі болғанымен, жер жүзінде қазақ күресінің қыр-сырын ерекше меңгеріп алған мемлекеттер көп. Сол мемлекеттің балуан қыздарынан басым түсіп, елдің үмітін ақтағаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта күрестің басқа түрлері бойынша да оң нәтижеге жетсем деймін. Қазақ күресінен екі дүркін Әлем чемпионы атану ойымда бар. 2026 жыл баршамыз үшін табысты болсын. Әр отбасына бақыт пен береке, амандық, молшылық тілеймін!
Рауза НҰРМАҒАНБЕТОВА
Қазақ күресінен Әлем чемпионы