Қоғам

Қай кезде де адалдықтан аттамаймын

Қазақ халқының әр күні қуанышқа толы. Тойсыз күні жоқ. Сондықтан қоғамда асабаның қызметі аса маңызды. Өтіп бара жатқан жылан жылы бойынша Үздік асаба атандым.

Бұл жерде қазақилық, сөз мәдениеті жағынан бағаланған шығармын. Әйтпесе, өңірімізде жақсы асабалар жетерлік. Дегенмен таңдаудың маған түскеніне қуанамын. Отбасымда да қуанышты сәттер аз болмады. Жолдасым, ақын Үміт Битенова да шығармашылық жоспарлары бойынша бірқатар оң нәтижеге қол жеткізді. Алда жылқы жылы келе жатыр. Жылқы – текті, қасиетті жануар. Сондықтан 2026 жыл жақсылыққа толы берекелі жыл болады деген сенімім бар. Әрқашан жақсы үміт, сеніммен алға жүреміз. Сол сенім ешқашан бәрімізді алдамасын. Өткен жылға өкпеміз жоқ. Мемлекетіміз үшін де, Әулиеата өңірі үшін де өте табысты жыл болды. Елде тыныштық пен тұрақтылық болса, әр шаңырақта жақсылық бола беретіні анық. Әр шаңырақтың қуанышы – тойдың бастауы. Әзілдеп болса да айтайын, асабалардың тілеуі жақсы. 2026 жыл әр шаңырақ үшін бақытқа толы, ырысты, табысты, тойлы жыл болсын!

Ербол ҚАМБАТЫР

Жылдың үздік асабасы