Саясат

Сайлау жай ғана дауыс беру емес

Өткен аптада М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің залында жастардың саяси мәдениетін қалыптастыруға және сайлау процесіне қатысу белсенділігін арттыруға бағытталған Жас сайлаушылар форумы өтті.

Форум жұмысына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, Жамбыл облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының төрайымы Фарида Жүнісова, облыстық, қалалық/аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, қала/аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық/аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен Жастар ресурстық орталықтарының директорлары, қалалық/аудандық Жас сайлаушылар клубының мүшелері, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жа лпыұлттық қозға лыс республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры, қоғам белсендісі Қасымхан Төлендиев, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, саяси партиялар мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың төрағалары, БАҚ өкілдері жұмысшы жастар мен білім беру ұйымдарының студенттері қатысты.

Форум басында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің фойесінде сайлау учаскесінің үлгілік көрінісі ұйымдастырылып, сайлау процесінің қалай ұйымдастырылатынын, учаскелердің материалдықтехникалық жарақтандырылуын және сайлаушыларға жасалған жағдайларды көрсету арқылы жас сайлаушыларға ақпарат беріліп, сайлау учаскесіндегі жұмыст ардың ұйымдастырылу тәртібімен жан-жақты танысты. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, жастардың ел дамуы мен болашағындағы шешуші рөліне тоқталды. Сонымен қатар сайлау мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және жастардың саяси өмірге белсенді қатысуының маңыздылығын айтты.

Қазір елімізде саяси жүйе жаңа с ерпін алды. Конституциялық реформалар нәтижесінде 2022 жылы ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық заңына өзгерістер енгізіліп, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау барысында партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың сапалық құрамында әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар квотасы 30 пайыздан кем емес пропорциясында болу міндеттелді. Облыстағы жергілікті өкілді органдарға сайланған 210 депутаттың 23-і (11%) жастар санатына жататын азаматтар болса, облыстағы барлығы 151 аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауыл әкімдерінің ішінде 30-ы жастар (20%). Яғни жастар да сайланбалы орындарға белсене қатысу арқылы, жергілікті халықтың сеніміне ие болуда деп ерекше айтуға болады. Форум барысында облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, Жас сайлаушылар клубының төрағасы Айбек Қадралиев сөз сөйледі.

«Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Айнур Келимбетова өз сөзінде партияның қысқа мерзім ішінде ел сеніміне ие болып, саяси кеңістікте өз орнын қалыптастырғанын атап өтті. Облыста бүгінде бұл партияның 3 мыңға жуық мүшесі бар, олардың басым бөлігін жастар құрайды. Бұл – жастардың саяси үдерістерге белсенді араласуға дайын екенін көрсетеді. Қоғамдағы ең өзекті бағыттардың бірі – инклюзия мәселесін «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгерім Даулетбаева кеңінен ашып берді. Ол «Мүгедектігі бар жастардың саясаттағы белсенділігі – инклюзивті қоғамның айғағы» тақырыбында сөз сөйлеп, мүгедектігі бар жастардың да елдің саяси өміріне толыққанды араласуына жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

Оның айтуынша, инклюзивті қоғам – әр азаматтың, соның ішінде мүгедектігі бар жастардың да тең дәрежеде саяси үдерістерге қатысуына мүмкіндік беретін орта. Саясат белгілі бір топқа ғана арналмауы тиіс, ол барлық азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді болуы қажет. Спикер бүгінгі таңда елімізде 70- тен астам мүгедектігі бар азаматтың мәслихаттар мен Парламент құрамында халыққа қызмет етіп жүргенін атап өтті. Бұл тең мүмкіндіктердің қағаз жүзінде емес, нақты іспен жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Сондай-ақ ол жергілікті деңгейде қабылданатын шешімдердің азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететінін, сондықтан мүгедектігі бар адамдардың билік құрылымдарында болуы олардың мәселелерін терең түсініп, тиімді шешім қабылдауға жол ашатынын жеткізді.

Айгерім Дәулетбаеваның айтуынша, өңірде сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтқанда, мүгедектігі бар сайлаушылар үшін арнайы кабиналар орнатылып, көру және есту қабілеті бұзылған азаматтарға қажетті құралдармен қамтамасыз ету жолға қойылған. Бұдан бөлек, дауыс беру күндері сурдоаудармашылар мен инватакси қызметтері ұйымдастырылып, азаматтардың конституциялық құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруына жағдай жасалуда. Сонымен қатар форумда облыстық ардагерлер кеңе сінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММның директоры, Жас сайлаушылар клубының төрағасы Мәди Кунту сөз сөйледі.

Аудандағы жастардың сайлау науқандарына қатысуы аудандық сайлау комиссиясының тұрақты бақылауында. Қазіргі таңда Мойынқұм ауданында 28855 тұрғын болса, оның ішінде 14- 35 аралығындағы жастар саны – 8244. 2025 жылы сайлаушылар тізімінде 35 жасқа дейін 3365 азамат тіркелген. Мысалы, 2025 жылдың 18 мамыр күні өткен Ұланбел, Қызылтал, Қызылотау, Кеңес және Бірлік ауылдық округтері әкімдерінің сайлауында 2792 сайлаушы дауыс беруге қатысып, оның ішінде 18-35 жас аралығында 908 жас дауыс берді. Яғни, сайлаушылардың 30,6 пайызын жастар құрады.

Форумда жастар арасында жылдам ойлауды, азаматтық білімді тексеретін блиц-викторина да өткізіліп, дұрыс жауап берген жастарға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл кезең форумның ең белсенді әрі ең қызықты сәттерінің бірі болды. Сондай-ақ республикалық жайдарман ойындарында өнер көрсетіп жүрген «Әдеби жігіттер» КВН командасы өнер көрсетті. Олардың саяси мәдениет, жастар мәселесі және қоғамдағы өзгерістер тақырыбындағы тапқыр әзілдері көрермендер тарапынан ерекше қошеметке ие болды.

Форум барысында жастардың пікірлері мен ұсыныстарын білу мақсатында қатысушыларға QR-код арқылы 10 сұрақтан тұратын онлайн сауалнама ұсынылды.Бұл – жастардың пікірі мен ұсыныстарын жинау және келесі жобаларды жоспарлауда пайдаланылатын маңызды құрал. Ағымдағы жылдың қараша айында жергілікті атқарушы органдармен бірігіп, аумақтық сайлау комиссиялары форумдар өткізді, сонымен қатар бұл форум Жас сайлаушылар клубына жаңа серпін берді. Форум барысында Тараз қаласы мен аудандарда өткен жас сайлаушылар клубының алғашқы форумдарының бейнежинағы көрсетілді. Бейнеролик клубтың жұмысын жүйелі жүргізгенін дәлелдейтін көрнекі материал болды.

Аталған форумдарда жастардың қосқан үлестері өте көп – ол үлкен мәртебе. Сондай-ақ жиында Жамбыл облысының аудандарында және Тараз қаласында ұйымдастырылған жас сайлаушылар форумдары арасында үздіктер анықталып, жүлделі номинациялар бойынша сыйлықтар, белсенді жастарға облыс әкімінің, облыстық мәслихат төрағасының және облыстық сайлау комиссиясының Алғыс хаттары табысталды.

Марапаттарды табыстау рәсіміне Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары Серік Құрманбеков облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрайымы Фарида Жүнісова, облыстық мәслихаттың депутаты Алтай Қарабеков қатысты. Осылайша, форумның тағы бір бөлімі – марапаттау сәті өтті. Бұл сәт форум қатысушыларына ерекше шабыт беріп, жастардың еңбегі бағаланатынын айқын көрсетті. Одан кейін, форумға қатысушы облыс жастарының үндеуі тыңдалды. Үндеуде жастардың саяси мәдениетін нығайтуға бағытталған ой-пікірлері мен ниеттері қамтылып, жастардың елдің демократиялық дамуына үлес қосуы және саяси мәдениетті арттыруға бағытталған ойлары мен жоспарлары көрініс тапты.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов форум жұмысын қорытындылады. Ол өз сөзінде жас сайлаушыларды еліміздің саяси өміріне белсенді атсалысуға шақырды. Сайлау мәдениеті – жай түсінік емес, ол – азаматтық жауапкершілік. Осы бағыттағы сіздердің белсенділіктеріңіз елімізге қосатын үлестеріңіз.

Жиын соңында соңғы музыкалық нөмір мен мерекелік көңіл-күй шараның шырайын аша түсіп, қатысушылар мерекелік атмосферада ортақ естелік суретке түсіп, форумды аяқтады. Жас сайлаушыларға бағытталған танымдық-семинар форум – Жамбыл жастарының саяси мәдениетке деген қызығушылығының артып келе жатқанын айқын көрсетті. Форум – жастардың тек тыңдаушы емес, қоғамның белсенді мүшесі, өзгерістердің қозғаушы күші екенін дәлелдеді. Бұл басқосу жас ұрпақтың еліміздің болашағына бейжай қарамайтынын, сайлау мәдениетін қалыптастыруды өз қолына алуға дайын екенін байқатты.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы