Саясат

Сайлау: болашаққа сенім

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде жас сайлаушыларға арналған форум өтті. Жиында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, жастардың ел дамуы мен болашағындағы шешуші рөліне кеңінен тоқталды.

Форум барысында оқу орнының фойесінде сайлау учаскесінің үлгілік көрінісі ұйымдастырылып, жас сайлаушыларға ақпарат берілді. Спикерлер жастардың азаматтық жауапкершілігін күшейту, инклюзияны арттыру және сайлау процесіне қатысу мәдениетін дамыту бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар мен өз ұсыныстарын ортаға салды. Жастардың саяси сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі викториналық сұрақтар қойылып, оған белсенді жауап берген қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар жиында Тараз қаласы мен аудандарда өткен Жас сайлаушылар клубының форумы қорытындыланып, үздіктер марапатталды. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов алқалы жиынды қорытындылап, жастардың саяси мәдениетін көтерудегі жұмыстардың алдағы уақытта да жүйелі жүргізіле беретіндігін атап өтті.

 

Aq jol-Aqparat