Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты
Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында «Тараз» шағын индустриалдық аймағында орналасқан Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.
Айта кетейік, зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды.
Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді.
