Артында өшпес із қалды
Артында өшпес із қалды
Ауыл жақтан қаралы хабар жетті. Ардақты аға, асыл азамат Амангелді Әбенұлы Есмахан бақилыққа бет алыпты. Амангелді аға бар ғұмырын елге, ұрпақ тәрбиесіне арнаған, адал еңбегімен, парасатымен, сабырлы мінезімен баршаға үлгі болған жан еді. Ұстаздық жолдағы табандылығы, адамгершілігі мен жауапкершілігі – біз үшін ғана емес, оны таныған барша жұрт үшін үлкен өнеге болды. Ағамның артында өшпес із, өнегелі ұрпақ, саналы шәкірттер қалды. Ол кісінің жарқын бейнесі, ақылы мен қамқорлығы жүрегімізде мәңгі сақталады.
Осы орайда, Амангелді ақсақалдың бауыры, маған әрдайым жанашырлықпен ағалық қамқорлығын танытып жүретін Қырғызәлі Тілеуұлына да қайғырып көңіл айтамын. Марқұмның отбасы, балалары мен немерешөберелеріне Алла сабыр берсін.
Амангелді ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын!
Қанатбек МӘДІБЕК
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы.