Жаңалықтар

Еңбек адамына деген құрмет ешқашан толастамайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, осы бағытта көптеген игі шаралар жүзеге асқаны белгілі. Біздің өңірде де еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетіліп, әр салада көш бастағандар туралы кең көлемде айтылды. Бұл бастама біздің өңірде «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өткен «Еңбегім – еліме: адал еңбек, айқын мақсат» атты облыстық форуммен қорытындыланды.

Форум жұмысына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, сөз сөйледі.

Бұл білімі ерек, ойы ұшқыр, талабы мықты жастардың қатарын арттырып, жастардың ұранына айналды десек қателеспейміз. Мемлекет басшысының ел дамуына бағытталған «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ ас атын мемлекет», «Таза Қазақст ан» сияқты негізгі қағидаттары Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жастарды адал еңбекке, жауапкершілікке және кәсіби біліктілікке баулуға бағытталған нақты бастамалармен жүйелі түрде ұштасып, іске асырылды.

Жұмысшы мамандықтары жылы аяқталғанымен, еңбекке деген құрмет, кәсіби даму мен жастарды қолдау саясаты алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Осы ретте, біз сіздердің білікті маман, отаншыл азамат болып қалыптасуларыңыз үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз. Сіздерге айқын табандылық пен жарқын болашақ тілеймін!

Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, ел дамуына қосқан үлестеріңіз еселене берсін!» дей келе, облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы бірқатар жеңімпаздарды «Инновация мен технологиядағы үздік серіктестік», «Үздік стратегиялық серіктестік», «Үздік әлеуметтік серіктестік», «Студенттерді қолдаудағы үздік серіктестік» және «Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын, «Worldskills» чемпионатының «Алтын медаль» иегерлерін марапаттады. Солардың арасында «Әулиеата үздігі» облыс әкімінің жастар сыйақысы бойынша «Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты облыстық «Aq jol» газетінің аға тілшісі Есен Өтеулиев «Үздік жас журналист» аталымына ие болды. Тағы бір әріптесіміз «JambylTaraz» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Жұматай Көксубай «Үздік жас ақын» аталымының жеңімпазы атанды. Жеңімпаз әріптестерімізді құттықтаймыз!

Форумда «Қазфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» кен-байыту кешенінің техник-технолог маманы Әлібек Сатқанбаев, «Медальон» иегері, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті, «Өндірісті автоматтандыру жүйесі» мамандығының 3-курс студенті Айбек Коммунарбек жастық жалынмен сөз сөйледі. Олар тәуелсіз еліміздің беріктігі тыныштық пен ынтымақ, адал еңбекте екеніне кеңінен тоқталды.

Форум соңында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. «Ақкербез» бишілер ансамблі мың бұрала билесе, Динара Диханбаева «Сәлем саған, туған ел», Асылхан Шүңіреков бастаған «Тараз» триосы «Таразым» әндерін жоғары шеберлікпен шырқады. Балжан Ділдәбекова өзінің сөзіне жазылған «Арманым мені жетелейді» әнін жүректерге жеткізді. Еңбек өкілдері мен жалынды жастар бұл форумнан үлкен әсер алғаны анық.

 

Есет ДОСАЛЫ