Президент құзырлы орган өкілдеріне пәтер кілтін табыстады
Жаңа жыл қарсаңында прокуратура мен күштік құрылымның бір топ қызметкері баспаналы болды. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Мемлекет басшысы Ақордада өткен салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау стратегиялық маңызы айрықша міндет екеніне назар аударды.
