Құқық

«Заң мен тәртіп» қағидаты туралы бейнебаян жарық көрді

Алматы облысында құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған бейнебаян түсірілді. Ведомствоның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған туынды бір тәуліктің ішінде 1 миллионға жуық қаралым жинады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Бейнебаянның негізгі идеясы — заң талаптарын мүлтіксіз орындау және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара құрметті нығайту. Авторлардың айтуынша, тәртіп әрбір азаматтың «заң — ең жоғары құндылық» деген ішкі сенімінен басталуы тиіс.