Жақсылық деген
Жақсылық деген
Жеке жүрсең батыр әрі өжетсің,
Кейде өзіңді көп жүресің тежеп шын.
Қолыңнан келсе айналаңа нұр төгіп,
Жақсылықты жасағанға не жетсін.
Әлсіз жанның көңіліне күй еніп,
Үміттерге жасар бәлкім иелік.
Бір кісілер еңселерін көтерер,
Сен жасаған жақсылыққа сүйеніп.
Өмірдегі бар сынаққа көнесің,
Қиындықтың бәрін-бәрін жеңесің.
Маңайыңнан жақсылықты аяма,
Түбінде өзің мол пайдасын көресің.
Айнұр МЕЙІРБЕКОВА
мұғалім
Тараз қаласы