Көңіл сыры
Көңіл сыры
Құлазиды көңілім кейде менің,
Табылмаған жандаймын бір керегім.
Жабырқаған жанымды қайтсем екен,
Жақсы күйге мен қашан үйренемін.
Мұң кернейді ештеңе керек қылмай,
Іздеп кетем ой кезіп, бөлек бір жай.
Ешкім менің көзіме түспесінші,
Көңілімді басқаға кенет бұрмай.
Ақтарсам деп сырымды түнді аңдисың,
Еш ұнамай даңғаза думан, күй шын.
Сергелдең боп жүремін серпіле алмай,
Төрт құбыласы түп түгел кім бар дейсің?