Жаңалықтар

Шөлдала оқушылары шаттыққа кенелді

Кеше «Келешек мектебі» Ұлттық жобасы аясында Тараз қаласы, Шөлдала алабындағы 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. Бұл өңірімізде аталған жоба бойынша бой көтерген алтыншы мектеп.

Аталған №70 орта мектебінің ашылу рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Мектеп лент асын облыс басшысы Ербол Қарашөкеев пен білім саласының ардагерлері Сұлушаш Құрманбекова және Дәулет Тохметов қиды. Мәжіліс және спорт залы, асхана, сынып бөлмелері талапқа сай. 33 оқу бөлмесі, 3 шеберхана, 5 коворкинг орталығы бар.

\Қазіргі таңда 725 оқушыға 60 мұғалім сабақ беруде. Сырттағы үлкен балалар ойын алаңы да көңілден шығады. Облыс басшысы сапалы мектеп құрылысы үшін мердігер компания басшысы Марат Сапарұлына алғысын айтып, жаңа мектеп ұжымына табыс тіледі.

 

Есет ДОСАЛЫ