Екі жылда су саласына 579 млрд теңге инвестиция тартылды – Нұржігітов
Соңғы екі жыл ішінде су шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 579 млрд теңгені құрады. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет жұмысының жылдық қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Спикер атап өткендей, қазіргі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі шетелдік серіктестермен 7 келісімге және 30-дан астам өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.