Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапары аясында сонда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген қазақстандықтармен кездесті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Ақордаға сілтеме жасап
Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты.

Отандастарымыз арасынан Ritsumeikan Азия – Тынық мұхиты университетінің вице-президенті, профессор Серік Мейірманов, ARIA Consulting негізін қалаушы Арайлым Хасан, Showa және Juntendo медицина университеттерінің доценті Әбдібек Қалибек, Ailia компаниясында жасанды интеллект технологиясымен айналысатын инженер Эльдар Төлеубай сөз сөйлеп, өздерінің Күншығыс еліндегі жетістіктерімен бөлісті. Президент Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтарға табыс тіледі.