Таразда қылмыстың қай түрі төмендеп, қай түрі өсті?
Amanat партиясының Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция отырысында бірнеше мәселе күн тәртібіне шығарылып, онда негізінен облыс орталығындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы қозғалды.
Жиынды партияның Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция жетекшісі Марат Жұманқұлов ашып, жүргізіп отырды. Негізгі баяндама жасаған Тараз қаласы Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Азимов Мемлекет басшысының Ішкі істер министрі алдына қойған міндеттерге және 2025 жылдың «Профилактика жылы: заң мен тәртіп күзетінде – полиция» деп жариялануына сәйкес, Тараз қаласында жыл басынан бері құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарды тілге тиек етті.
Бүгінде қала аумағында «Қауіпсіз жол», «Тұрмыс», «Учаске», «Есеп», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Құқықтық тәртіп» және басқа да профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, қоғамдық тәртіпті нығайтуға басымдық беріліп отыр екен.
Ерман ӘБДИЕВ