Әлеумет

Батыр рухына тағзым етті

Тәуелсіздік күні мерекесі Тараз қаласында кеңінен аталды. Атап айтсақ, мереке аясында Халық Қаһарманы, Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысып, ел тәуелсіздігі жолында жанын қиған батырдың рухына тағзым етті.

Алдымен жиынға қатысушылар оқиға құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Содан кейін зиялы қауым өкілдері, жастар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті. Сонымен қатар Қайрат Рысқұлбековтың рухына Құран бағышталды.

Шара барысында ұлт батырының ерлігі мен қайсарлығы, Желтоқсан оқиғасының тарихи мәні және Тәуелсіздіктің баға жетпес құндылығы туралы тағылымды ойлар айтылып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы атап өтілді. Сондай-ақ шара қатысушылары Желтоқсан музейінде болып, ондағы жәдігерлермен, көрмемен танысты. Соңынан желтоқсаншылар бас қосып, жиын өткізді.

 

Есет ДОСАЛЫ