Жамбылда не жаңалық?

Таразда су ресурстарына қажетті смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

"Су ресурстары және ирригация министрлігі мен қытайлық компаниялар консорциумы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Yellow River Engineering Consulting Co. Ltd компаниясының директоры – бас экономисі Ин Дэвэнь қол қойды. Шетелдік делегация құрамында Leture Technology және Cheng Cheng Group компанияларының басшылары да болды", – делінген ресми ақпаратта. 

Кәсіпорын цифрлық шешімдер өндіруге маманданады. Атап айтқанда, су ресурстарын бөлуді автоматты түрде бақылау және басқару жүйелері, су деңгейі мен сапасын өлшейтін датчиктер, ирригация желілерін диспетчерлеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешендер, сондай-ақ су тасқыны мен төтенше жағдайларды ерте ескерту жүйелері шығарылады.