Өнер өлкесіндегі өнегелі жол
Қазақ өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі, белгілі журналист, мәдениет майталманы Асқарбек Сейілханның 75 жасқа толуына орай Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында шығармашылық кеш өтті. «Өнер өлкесіндегі өнегелі жол» атты тағылымды жиынға өңірдің танымал өнер иелері, мәдениет майталманының әріптестері, шәкірттері қатысты.
Мәдениет жанашырлары рухани құндылықтар тоғысқан ортақ кеңістікте бас қосқан бұл күн кітапхана тарихындағы ғана емес, өңір мәдениетінің даму ке зеңіндегі ерекше оқиғалардың бірі ретінде есте қалды. Кітапхана фойесінде Асқарбек Сейілханның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, фотосуреттер мен сирек деректерден құралған арнайы көрме ұйымдастырылды. Ол қонақт арға тұлғаның көпқырлы еңбегін жан-жақты тануға мүмкіндік берді. Әрбір қатысушы мерейтой иесінің шығармашылық жолына деген шынайы құрметін сездіріп, оның өнердегі орнын ерекше атап өтті.
Асқарбек Сейілхан – театр әлеміндегі өзіндік үні бар дара тұлға. Ол сомдаған әрбір бейне көрерменнің жадында сақталып, әр рөлінен кәсіби ізденіс пен жан-жақты дайындықтың терең ізі сезіледі. Театр өнерінің дамуына қосқан зор үлесі, өңір мәдениетінің тынысын кеңейтуге сіңірген еңбегі, көптеген шәкірт тәрбиелеп, жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беруі – оның өмір жолының өшпес өнегесі. Өнер жолы – жүрек пен жан тазалығын талап ететін қастерлі жол десек, еңбек пен төзім, білім мен ізденіс – нағыз өнер иесінің серігі. Осы жолда Асқарбек Ақылшаұлының өзіндік сара жолын салғанын ардагер журналист Бекет Момынқұлов пен ақын Үміт Битенова, А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының директоры Ақылдос Тәжиев әсерлі әңгімеледі.
Ал театрдағы ізін басқан інілерінің бірі, А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі Кенен Ақүрпеков мерейтой иесінің қамқорлығын тебірене жеткізді.
Шортанбай Қанайұлының:
Шығармашылық кешті қорытындылаған Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова кештің құрметті қонағы Асқарбек Сейілханға шапан жауып, құнды кітап тарту етті.
Қамар ҚАРАСАЕВА