Қоғам

Гельминтоздардан абайлау керек!

Адам ағзасында көптеген паразиттік құрттар мен гельминттер тіршілік етеді. Гельминттер ағзада өмір сүре отырып, асқазан-ішік жүйесін, тыныс алу органдарын, бауырды, бұлшық еттерді, қанды, миды, көздерді және басқа да органдарды зақымдайды. Гельминттердің 250-ден аса түрлері адамға зиян келтіруі мүмкін, олардың 100-ге жуығы ТМД елдерінде тіркеледі.

Гельминттердің жұмыртқалары ауыз қуысына жуылмаған жеміс-жидектерден, көкөністерден адамның лас қолдарынан науқаспен жақын араласқанда жұғуы мүмкін. Оның бірқатар клиникалық белгілері бар. Кешке қарай тік ішегінің аузы қышып мазалайды.

Әлсіздік, азу немесе адамның тәбеті ашылады, лоқсиды, сілекейі көптеп бөліне бастайды. Ал балалардың ақыл-ойы мен денесінің дамуы кідіреді, сабақ үлгерімі төмендейді. Ағзаңызды зиянды құрттардан қорғау үшін алдын алу шараларын жасау керек.

Міндетті түрде жеке бас гигиенасын сақтау, әжетханадан шыққан соң, ас ішер алдында және жан-жануарлар күтімінен кейін қолды сабындап жуу қажет. Тырнақтарды өсірмей, қысқа қырқу және пайдаланар алдында көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуған дұрыс.

Сонымен қатар төсек жаймаларын, гигиеналық заттар мен үйге керек-жарақтарды жеке қолданған абзал.

 

Рита АЛТЫНБАСОВА

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.

Байзақ ауданы