«ТАРАЗ» клубының басшысы сөзін іспен дәлелдемек
Өңірде жанкүйері көп спорт түрінің бірі – футбол. Жергілікті футбол клубы бірінші лигада ойнап жүрсе де, тараздықтар өз командасының жеңістерінен күдер үзбейді. Жақында ғана жаңа басшы тағайындалған клубта ауыс-түйіс болды. Клубтың алдағы мақсаттары мен міндеттері жайлы жаңа директоры Дидар Сыдықбеков бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізді.