Құқық

Таразда жазасын өтеушілерге құқықтық көмек көрсетілді

Ел азаматтарының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, заңға деген құрмет сезімін ояту – барлық мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарының бірі. Бұл ретте мамандар заң талаптарына сәйкес түрлі қабылдаулар өткізіп, тегін заңгерлік ақыл-кеңесін береді.

Жуырда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйытқы болуымен облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Мақсат Касынбеков жабық мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесті. №26 мекемеде өткен жүздесу барысында Мақсат Тұрсынтайұлы арнайы контингент өкілдеріне құқықтық көмек көрсетіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде тиісті заңнамалық кеңес алған сотты болған азаматтар дәл осындай мүмкіндік сыйлаған ҚАЖ департаментінің басшылығына алғыстарын білдірді.