Хабарландыру

Хабарландыру

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қолжетімділігі мен көрсетілу тәртібі

Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасына бағынысты 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» №159 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінеді. Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 11 (он бір) жұмыс күні ішінде беріледі.

Мемлекеттік сақтауда құжаттар (мәліметтер) болмаған жағдайда жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіде сақтауда сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) жоқ екендігі туралы хабарлама дайындайды. Сонымен қатар «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2)-тармақшасына сәйкес, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады.

Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін басқа тұлғаларға беруге болмайды.