Әдебиет

«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...»

Абай атындағы Тараз қалалық орталықтандырылған кітапханасында «Абайтанудың көшбасшысы Мекемтас Мырзахметұлы – 95 жас» атты кеш өтті.

Тағылымды басқосуға М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ қатысып, жиынның мазмұны мен мәніне кеңінен тоқталды. Ол Мекемтас Мырзахметұлының университетте сабақ бергенін мақтанышпен айтты. Студенттерге ғалымның өнегелі өмірі мен азаматтық ұстанымдары жайлы тағылымды әңгіме өрбітті.

Кітапханашы Рима Әбденбаева жас оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып, Мекемтас Мырзахметұлы туралы жазылған жазушы Елен Әлімжанның «Алтын жүлге жыры» атты романына тоқталды. Ғалымның 10 томдық жинағына да шолу жасады.

Жиынды кітапхана директоры Ұлбосын Сәулебаева қорытындылап, белгілі ғалым Сәмен Құлбараққа алғысын білдірді.

 

Есет ДОСАЛЫ