Аймақ

Саналы тәрбие мен заңды құрметтеу - қауіпсіздік қоғамның негізі

«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде мақсатты ісшаралар ұйымдастырылды. Студенттердің түрлі істерде өз құқығын білуі үшін құқықтық сауаттылықты арттыратын кездесулер өткізілді. Оған облыстағы бірқатар сала мамандары келіп, студенттерге кеңес берді.

Университеттің тәрбие және әлеуметтік істер бойынша проректоры Мақсат Мұсабековтың айтуынша, экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, жерге орналастыру және кадастр, мұнай, газ және тау-кен ісі, энергетика, су ресурстары, мелиорация және агрономия кафедраларының студенттері үшін құқықтық және профилактикалық бағыттағы бірқатар маңызды кездесулер өткен.

Заңбұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтық пен деректерді қорғау, буллинг, стресс, эмоциялық тұрақтылық, қоғамдық денсаулық пен қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында студенттерге арналған іс-шаралар түрлі форматта өткізілген. Кезде суге келген мамандарға студенттер сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді бірге талқылаған. Мұндай кезде сулер құқықтық сауатты, жауапты, саналы жасты қалыптастыруға жасалған нақты қадам боларына сенеміз. Қауіпсіз орта – әрбір студенттің дұрыс таңдауынан басталады.

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған тағы бір кездесу «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылыпты. Ол «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының облыстық филиалымен бірлесе өткізілген. Кездесу барысында «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» тақырыбы талқыланған. Онда «Жаңару» қозғалысының облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев жастарға адалдық, әділдік және жауапкершіліктің маңыздылығын атап айтып, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға әсері және оны болдырмау жолдары туралы әңгімеледі.

Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында аталмыш университетте облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлықзомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері профессор оқытушылар құрамымен бірлесіп кездесу өткізген. Кездесуге аға инспектор, полиция майоры Жанар Қозыбакова, инспектор, полиция аға лейтенанты Надира Арапбаева, Тараз қаласы ПБ 1-ПБ қоғамдық қауіпсіздік басқармасы отбасылық-тұрмыстық зорлықзомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Зарина Мейрамбекова қатысқан.

Жиын барысында Мақсат Несіпжанұлының қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіп-қатерді ерте анықтау, халықпен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері және бөлімдер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланған. Кездесу тәжірибе алмасуға, құқық қорғау органдары арасындағы үйлесімді жұмыс пен қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталды.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА