16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің үздік педагогтерімен кездесіп, оларды кәсіби жетістіктерімен құттықтады.
Облыс әкімі үздік педагогтерді марапаттады
Айта кетейік, өңірде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған 7 педагог бар. Биыл бұл жоғары марапатқа облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының математика пәні мұғалімі Мұхтар Талқанбаев иеленді. 2025 жылы республикалық «Үздік педагог» конкурсында өңірдің ү ш педагогі жеңімпаз атанды. Сонымен қатар халықаралық және республикалық байқауларда 113 ұстаз топ жарды.
Бұған дейін жалпы 55 педагог «Үздік педагог» атанса, оның 22-сі – ауыл мектептерінің мұғалімдері. Жамбылдық оқушылар да биыл жоғары нәтижелерге қол жеткізді: республикалық ғылыми жобалар байқауында 16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді.
Бұдан бөлек, республикалық олимпиада да «Үздік олимпиадалық команда» атағына ие болды. Салтанатты шара барысында білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар ұстазға облыс әкімінің Алғыс хаты, «Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі және қаржылай сертификаттар табысталды.
Кездесуде «Дарын» лицейинтернатының математика пәні мұғалімі Мұхтар Талқанбаев пен Б. Момышұлы атындағы № 45 қазақ классикалық гимназиясының тарих пәні мұғалімі Тоғжан Лаубай сөз сөйлеп, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен құрмет үшін алғыс айтты. Іс-шара естелік суретке түсумен қорытындыланды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.