Мәдениет

Асқар Тоқпанов атындағы театрға академиялық атағы берілді

Қуан Әулиеата! Шаттан, Тараз! Бұл сенің ұзақ жылдар бойы күткен жаңалығың емес пе еді? Тараз театрында табандап тер төгіп, адал еңбегін сіңірген дара дарын иелері, талантты актерлердің талайы осы қуанышты күнді аңсап өтті. Олар өздері қалыптастырған осынау өнер ошағының абыройы түбінде жоғары атақпен бағаланатынына сенді. Сол күн міне келді, ағайын!

Қыстың алғашқы күндерімен бірге өңірімізге қуанышты хабар жетті. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бұйрығымен Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрына «Академиялық театр» атағы берілді. Неткен ғажап жаңалық, қандай қуанышты хабар десеңізші! Асқар Тоқпанов театры өзінің 90 жылдық тарихында қандай жолдардан өтпеді, қандай белесті бағындырмады десеңізші!

Өзбекстан, Қырғызстан, алыс шет мемлекеттерге дейін барып, өнерлерін көрсетті. Театрдың маңызы мен мазмұны еш уақытта аласармай өз биігінде тұрды. Сонау Коммунистік партияның кезінде де жұртшылық театрды жоғары бағалады. Тіпті, сол уақытта облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған кісілер, сол кездегі ректорлар мен ірі мекеме, ұйым басшыларының барлығы театрға келіп, қойылым көретін болған. Ол уақытта зал көрерменге лық толып отыратынын айтады ескікөздер.

Еліміз азаттық алған кезде де театрдың орны биіктемесе, төмендеген емес. Жаңа репертуарлармен толығып, қойылымдар да жанданып жаңарып отырды. Біздің өңірдің қазақ драма театрында әйгілі әлем классиктерінің шығармалары қойылды. Театр жұмысының сапалы жалғасуына жерлес жазушы-драматургтер де өз үлесін қосып жатты. Атап айтқанда, Шерхан Мұртаза, Арғынбай Бекбосын, Әлдихан Қалдыбаев, Бақытяр Әбілдаұлы, Елен Әлімжан, Болат Бекжанов, Көсемәлі Сәттібайұлы бастаған қаламгерлер драма жазу бағытында дара көрінді. Қазіргі таңда да облыстық қазақ драма театры жаңа сапалық деңгейге көтерілген. Репертуары жаңарып, жоғары мазмұнға қол жеткізді.

Театрдың өткен тарихында Халық әртістері Шәріпбай Сәкиев, Алтын Ружева және Жорабек Шүленбаев, Мұхамедқали Табанов, Тұрар Ізбасаров, Тұрар Дүйсебаев, Әскер Құлданов, Ерғали Оразымбетов секілді кіл мықтылардың жемісті еңбек еткені белгілі. 1980-2015 жылдар аралығында театрдың тарландарына айналған Спандияр Мұқышев, Қарабай Сатқанбаев, Шәмшәгүл Жаманкеева, Жасұзақ Әйтпенбетов, Алтай Сәтібеков сияқты майталман актерлардың да өнерін ұмытуға болмайды. Бұл өнер ошағында аямай тер төккен барлық өнер саңлақтарының осы академиялық атаққа қосқан үлесі қомақты деп білеміз. Қазіргі таңда театрда Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрсифат Салықова, Қазақстанның Халық әртісі Мәкен Рахымжанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әбиірбек Тінәлі, Жүніс Әлімбеков, Асқарбек Сейілхан, Майра Әлімбетова бастаған таланттар тобы үлкен шеберлікпен еңбек етуде. Театр сахнасында тер төккен Әтіркүл Дүйсекеева, Мәкен Райысханова, Ерсін Қалыбаева, Жұмахан Әбдіқадіров пен Гүлшат Қыпшақованы да құрметпен атаған жөн.

Тарихи маңызы бар жаңалыққа байланысты бірқатар театр саңлақтарымен хабарласып, құттықтадық, қуаныштарын бірге бөлістік.

Тұңғышбай ӘЛ-ТАРАЗИ, Қазақстанның Халық артисі, Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы:

Нұрсифат САЛЫҚОВА, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

Мәкен РАХЫМЖАНОВА, Қазақстанның Халық артисі:

Қуандық ҚАСЫМОВ, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері:

 

Есет ДОСАЛЫ