Қоғам

Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов осы жылдың екінші жартыжылдығында елді мекендерді таза ауыз сумен қамту бойынша жүргізілген құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елді мекендерді толық таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл бюджеттен 13,9 миллиард теңге бөлініп, 24 ауыл мен 9 тұрғын алқапта (Тараз – 5, Шу – 4) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бөлінген бюджет қаржысының 11,1 миллиард теңгесі игерілген.

Баспасөз мәслихаты соңында басқарма басшысы Ғалым Исақов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ