Қазаннан қақпақ кетсе...
«Жүре берсең, көре бересің» дейді қазақ. Жайшылықта көп нәрсеге зейін қоймаймыз ғой. Билер кеңесі жұмыс істегелі бері небір дау-дамайға араласып, куә болдық. Иә, бұрын да ұрлық болған. Шаруашылықтың малын талан-таражға салып, заң алдында жауап беріп, жазасын алғандарды да білеміз. Бүгінде біренсаран шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Мал сатып алып, соны өсіріп, бағып, пайда тапсам дейтін кәсіпкерлер де жоқ емес. Байығаны байып, ісін ұқсата алмағандары банкроттыққа ұшырап, екі саусағын танауына тығып қалатындарды да естіп, біліп жүрміз.
Жақында сондай азаматтың арызын қарадық. Өзі Тараз қаласының жігіті екен. Кәсіпкер. Айтуынша мәзірханасы, көлік жөндейтін бекеті, кішігірім мейрамханасы бар көрінеді. Заман солай, қолына қаржы түскен соң біраз мал сатып алып, шаруамен айналысқысы келген. Малшы іздеген. Оның бұл ниетіне қарамағындағы бір адамы келісе кетіпті.
«Қандай тапсырма берсең де ләппәй», – деген әлгі кісі:
Жалшысы антсу ішеді.
Әлгінің түрін көріп аяп кеткен кәсіпкер оның сөзіне сеніп, ұрлық жайлы аудандық полицияға арыз түсіреді. Содан не керек, аудандық полиция қызметкерлері жан-жаққа сұрау салып, іздестіреді. Табылмайды. Ақырында бұл малды «Қырғыз асқан ғой» деп істі жабады. Кәсіпкер байғұс амалы қалмағандықтан ағайындарымен ақылдасады.
Солардың біреуі:
Нақты айғағы болмаған соң кәсіпкер жалшыны қорқытып алайын деген ниетпен бір-екі азаматты астыртын жұмсайды. Сөйтсе олар да ештеңе анықтай алмапты. «Барып ошағының ойранын шығарайын» деп кәсіпкер ашуға мінеді. Әке-шешесі «Қой қарағым, оларды ойрандасаң, өмірің өксіп, түрмеде шірисің» деп зорға дегенде қойдырады. Енді не істеу керек? Кәсіпкер айлаға көшіп, малшыны сөзге тартыпты. «Қане, қарыздан қалай құтыласың?» дегенде, соны күткендей жылмаңдаған жалшы: «Жердің тесігі болса кіріп кетуге дайынмын. Сізге қастық қылсам, өле-өлгенше сіздің жалшыңыз болайын» деп жалпаңдапты. Ағайын-туыспен кеңесіп, амалы құрыған кәсіпкер жалшысын ертіп, бізге келді. Мен әлгінің бет-жүзіне қарап отырып: «Сенің малыңды біреулер келіп, қорқытып, үркітіп алып кетті дегенге сенбеймін. Менің білуімше, сен малды сатып құртқансың» деп едім, ол беті бүлк етпестен: «Мен сондай қиянатқа баратын адаммын ба? Әдейі құртсам, екі дүниеде де оңбай кетейін» деп қарғанды. «Мақұл саған жұрт сенген шығар, бірақ менің күмәнім бар, ал сіздің ойыңыз қандай?» деп кәсіпкер жігітке қарадым. Өзі иман жүзді азамат көрінді. «Осының жылтыр сөзіне сеніп қалған мен де ақымақпын» деді ол. Малды бағуға беремін дегенде, отбасым қарсы болды, көзі ойнап тұр екен.
Жылпос сияқты көрінеді дегендеріне де қарамадым. Алла жаңылыстырса, адамның көзі тұманданып бойбермей кететін қу мінезіміз бар ғой. Оның үстіне қолымызда жалдағанымды реттейтін келісімшарт та жоқ. Сотқа жүгінсек сол құжатты сұрайды, амал жоқ сіздерге жүгініп отырмын. Құдайға шүкір, өзге де кәсіп түрлері бар. Соны атқаруға отбасымен жалдап алсам деймін, деген соң әлгі жігітке «сен қарсы емессің бе, жалшы болуға» деп сұрадым. «Е,е мен неге қарсы боламын. Өле-өлгенше жалшы болуға пейілдімін» деп жылпылдады ол. Сөздің қысқасы, екеуін келістіріп, қол алыстырып, келісімшарт жасатып, оны нотариустық кеңсе арқылы бекітіп, тындық. Сонда қайран қалғаным, жылпостың бір сәтте болса ұялғанын байқамадым. «Жәке, мені құтқарғаныңыз үшін сізге алғысым шексіз» деп бүлк етпей отыр. Кейін сұрастырып білдім, әлгі қудың отбасы бар, әйелі мұғалім екен. Бес баланы өсіріп, тәрбиелеп отыр. Ол байғұстарға не кінә артамын? Мына суқит оларды қара бет қылды ғой дейін десем, оған да тілім бармады.
Осындай жалшылар әр жерде бары анық-ау деп жүрегім ауырды.
Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ
аудандық билер кеңесінің төрағасы.
Талас ауданы