Қоғамдық тәртіпті сақтау – қылмыстың алдын алады
Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Жанаев Ішкі істер министрлігінің аумақтық органында қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және оларды ашу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау міндеттерінің жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берді.
Отырысқа Адам құқықт ары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Еркін Қуанышев, полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Сейітжан Үйсенбаев қатысты. Өңірімізде заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында полиция департаментінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпаратты тыңдау барысында кеңес мүшелері букмекерлік кеңселер, есірткі заттардың саудасы, буллинг, кибербуллинг, жылдамдықты өлшеу құралдары, Бурыл ауылында маусым айында орын алған жол-көлік апаты, полиция қызметкерлеріне түскен арыз-шағымдар, қылмыстарды ашу деңгейлері, Қордай асуындағы белгілер туралы сұрақтар көтерді. Полиция полковнигі Бауыржан Дәулетханұлы кеңес мүшелерінің сұрақтарының қоғам үшін маңыздылығын атап өтіп, қолданыстағы заңнама аясында жауаптар берді.
Ерман ӘБДИЕВ