Үш базар толық жаңғыртудан өтпесе, жұмысын тоқтата ма?
Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысында облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев облыс орталығындағы Жібек жолы, Салтанат, Якка сарай базарларындағы жаңғырту жұмыстарының жайы туралы сөз етті. Ал жұмысын жаңа бастаған кеңестің тең төрағалары – облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек және партия филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов болды.
Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, Тараз қаласында 3 сауда базарын жаңғырту жұмыстары қарастырылған. Олар – Жібек жолы, Салтанат, Якка сарай базары. «Салтанат» базары бойынша құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталып, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 80 пайызы орындалған. «Якка сарай» бойынша ағымдағы жылдың маусымында құрылыс жұмыстары басталып, қажетті тіреулері мен фермалары қойылуда.
Орындалған жұмыс көлемі – 70 пайыз. Ал «Жібек жолын» жаңғырту жұмыстары 2022 жылы басталып кеткенімен, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының тек 70 пайызы ғана орындалған. Жол картасы бойынша аталған үш базардың жұмысы желтоқсан айында бітуі керек екен. Ал бітпеген жағдайда не болады? Базарлар жұмысын тоқтатады. Негізі бұл іске жауапты Тараз қаласының әкімдігі екен. Дегенмен қаншама адамға табыс көзі болып тұрған сауда нүктелеріндегі жұмыстардың дер кезінде аяқталуы назарда ұсталатындығын айтып өткен облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Ғалымұлы жұмысты ширату үшін қадағалау шараларын күшейтуді тапсырды.
Бұдан соң сөз алған «Тараз» әлеуметтіккәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның басқарушы басшысы Қанат Әубәкіров бүгінгі күні корпорация кәсіпкерлікті қолдау мақсатында үш бағдарлама бойынша, яғни «Ауыл аманаты», «Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесі», «Шағын өнеркәсіптік аймақ» бағытымен жұмыс істеп отырғандығын алға тартты.
Биылғы жылы «Zhambyl Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аймаққа инвестиция тарту жөніндегі өңірлік ұйым болып құрылған болатын. Жұмысын жаңа бастаған мекеменің алғашқы қадамдары жайында серіктестіктің басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Қайранов баяндады.
Ал жиынды қорытындылаған партия филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов:
Ерман ӘБДИЕВ