Хабарландыру

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына!

Хабарландыру

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, жиырма тоғызыншы сессиясы 2025 жылдың 12 желтоқсаны күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:

1 . Жамбыл облыстық мәслихаты төрағасының мәслихаттың атқарған жұмысы туралы есебі.

2. 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

3. Облыс аумағында мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан құрылыс нысандарының сапасы және осы мақсатқа жоспарланған қаражаттың тиімді жұмсалуы туралы.

4. Әртүрлі мәселелер.

* * *

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2025 жылдың 12 желтоқсанында сағат 11.00-де өтеді.

* * *

Депутаттарды тіркеу 2025 жылдың 12 желтоқсаны күні сағат 14.30-да басталады.

Ескерту: Сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті, жиырма тоғызыншы сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.

 

Облыстық мәслихаттың төрағасы А.НҰРАЛИЕВ