Жаңалықтар

Басты мақсат – әл-ауқатты арттыру, өмір сапасын жақсарту

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев облысқа келген жұмыс сапары барысында өңір активімен кездесті. Облыс әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру жолдары кеңінен талқыланды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров модераторлық еткен жиында ең әуелі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев сөз алып, маңызды құжатта көрсетілген міндеттерді жүйелі жүзеге асыру жөнінде ой-пікірін ортаға салды. Келесі кезекте білім беру саласының ардагері Дәмеш Өскембаева баяндама жасап, білім саласына қатысты бірқатар маңызды бастамалардың көтерілгенін оң бағалады. Ал Жуалы ауданындағы Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызы Жолдауда алдағы кезеңге арналған саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары айқындалғанын жеткізді.

Өз кезегінде Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жол даудың мазмұны мен негізгі басымдықтарын нақты түсіндіріп, жасанды интеллект технологияларын барлық салаға енгізудің мемлекеттік саясаттағы шешуші кезеңге айналғанын баса айтты. Сондай-ақ ол өңірлерге арналған тапсырмалар мен алдағы реформалардың кезең-кезеңімен жүзеге асыру тетіктеріне айрықша тоқталды.

Жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Сәбитұлы көтерілген мәселелер назарға алынып, жергілікті билік тарапынан бұл бағыттағы жұмыстардың жедел әрі сапалы түрде ұйымдастырылуына көңіл бөлінетінін жеткізді.

Президент кеңесшісі Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағынауданындағы кітапханада белсенді жастармен де кездесті.

Жиын барысында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» директоры Азамат Лесбек, облыстық «Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірле стігінің төрағасы Азамат Нәмелбек Жолдауды жүзеге асыруға қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Сонымен қат ар жаст ар көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, оған нақты жауап алды.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Мақпал СҮЙІНБАЙ